Компания тарихы

FAS Flussiggas Anlagen GmbH компаниясы 1975 жылы Германия ішкі нарығындағы ірі және орта газ компанияларының технологиялық жабдықтарға деген сұранымын қанағаттандыру үшін құрылған өнеркәсіптік-өндірістік мекеме. Компанияның қарқынды дамуы әрқашан газ жабдықтарына деген күннен күнге қатайған заң талаптарымен қатар жүрді. Табысты қамтамассыз еткен бірден-бір себеп, компанияның сапа мен қауіпсіздікке деген компромиссыз ұстанымы, құрылымдық бөлімшелерінің үнемі кеңеюі болып саналады. FAS компаниясының қырық жылдық жолы Европа мен әлемнің көптеген елдерінде жүздеген жүзеге асырылған нысандармен жалғасуда: кешенді газ терминалдары, газ құю және көпотынды құю станциялары, жүздеген автогазовоздар және т.б. Компанияның тұрақты клиенттерінің қатарында келесі мұнайгаз гиганттары бар: Shell, British Petroleum, ARAL, INDIAN OIL, TOTAL және т.б.
 
1996 жылы Компания өзі үшін стратегиялық маңызды шешімдердің бірін қабылдайды– ТМД және прибалтика елдерімен жұмыс істеу. Қазіргі таңда, өткен 21 жыл ішінде, компания және оның серіктестері Қазақстан, Ресей Федерациясы, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан, Литва, Латвия, Эстония және т.б елдердің аймағында сұйылтылған мұнай газын дистибуциялау саласында шешуші рөль атқарды деп толық сеніммен айтуға болады. Атқарушы органдармен үнемі қарым-қатынаста болу, жабдықтардың үздіксіз жұмысы мен сапасына деген басшылықтың қоятын жоғары талаптары өндірістік бағдарламаны оңтайландыруға және өндіріс пен мемлекеттің техникалық заңнамасын сәйкестендіруге мүмкіндік берді.
 
Компанияның өз жобалау-конструкторлық қызметінің, өндіріс сапасын бақылау қызметінің, замануи өндірістік цехтар және ең бастысы жоғары санатты мамандардың болуы бүкілевропалық сертификат алуда шешуші рөль атқарды: 2003 жылы 97-23-ЕС қысым астында жұмыс істейтін жабдықтарға деген бүкілевропалық директиваға сәйкес, бұл салада алғашқылардың бірі болып Н және Н1 модулі – сұйылтылған мұнай газына арналған жабдықтарды жасау, өндіру, сату және сатудан кейінгі қызмет көрсету салаларында сапаны толық қамтамассыз ету – бойынша сертификатталды. FAS компаниясының өндірістік қуаты жабдықтардың толық спектрін, соның ішінде құбырлы арматура мен сорғылардан бастап теңіз танкерларын жүктеу терминалдары үшін блокты технологиялық кешендерге дейін, күнделікті және уақытылы жасауға және жеткізуге мүмкіндік береді.
 
Компанияның инженерлік жобалау қызметі мұнайгаз мекемесінің шынайы жұмысының ерекшеліктері мен мемлекеттік техникалық талаптарды ескере отырып ерекше технологиялық шешімдерді уақытылы ұсына алады. FAS компаниясы өзін Европа мен Ресейде сапалы әрі сенімді деп танытқан жабдықтарды ғана емес, сонымен қатар қызметтердің барлық кешенін ұсына алады, соның ішінде жобалау, құрылыс-монтаж, іске қосу жұмыстарынан бастап келісім алуға дейінгі жұмыстар. FAS компаниясының технология мен конструкторлық шешімдер бөлімі бірнеше жыл көлемінде газ терминалдары мен газ құю станцияларын жобалау мен салу үшін қажет жүйелі шешімдерді жасауға жұмыс бағытын бұрды. Қазіргі таңда Ресей, Қазақстан, Литва, Украина мемлекеттерінің жобалау институттарымен бірлесе отырып көптеген Тапсырыс берушінің барлық сұранымын қанағаттандыратын кешенді технологиялық шешімдер жасалды.